Қазақстанда медициналық көмек алу құқығы жаңа форматта бекітілуі мүмкін. Алайда қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктер толық сақталады. Өңірдің медицина қауымдастығы Конституцияға енгізілетін өзгерістер жобасын талқылады. Жоба әр азаматқа қатысты тегін медициналық көмекке қол жеткізуден бастап, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына дейінгі маңызды мәселелерді қамтиды.
Денсаулық сақтау саласында жеті жыл еңбек етіп келе жатқан Юнус Мусаев тек халық денсаулығын сақтау ісімен ғана айналыспайды, сонымен қатар елдегі саяси өзгерістерді де жіті бақылап отырады. Ауданның медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасымен танысты.
ЮНУС МУСАЕВ, «ЯВЛЕНКА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сарапшылардың айтуынша, жаңа Конституция жобасындағы 32-бап мемлекет азаматтардың денсаулығын қорғауды қалай қамтамасыз ететінін айқындайтын негізгі норма. Медициналық қызметкерлердің пікірінше, бұл құжат адамға бағытталған саясатты күшейтеді.
ЮНУС МУСАЕВ, «ЯВЛЕНКА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңа Конституция жобасында мемлекет адами капиталды дамыту бағытын стратегиялық басымдық ретінде белгілейді. Ал денсаулық сақтау осы саясаттың негізгі салаларының бірі болып бекітілген.