Жаңа Конституция жобасында ұсынылған «Халық кеңесін» құру бастамасы қоғамдағы өзекті мәселелерді кең көлемде талқылауға, ортақ келісім негізінде шешім қабылдауға және түрлі этнос пен әлеуметтік топтардың мүддесін институционалды деңгейде ескеруге мүмкіндік береді.
Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер уақыт талабы. Есіл ауданының ардагерлері жаңа Конституция жобасымен танысып, оны қолдайтындарын жеткізді. Олардың айтуынша, референдум тікелей демократияның ең жоғарғы формасы, халықтың еркін білдіретін маңызды саяси қадам. Сондықтан әр азамат өз азаматтық ұстанымын көрсетуі тиіс, дейді ауданның ақсақалдары.
НҰРЛАН БИМАҚАНОВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ