Жаңа Конституция жобсы – еліміздің саяси және әлеуметтік жаңғыруының маңызды кезеңі. Құжатта мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары айқындалып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі. Әсіресе білім беру, ғылым және инновация салаларына ерекше мән беріліп, сапалы білім беру конституциялық деңгейде бекітілмек.

№1 Смирнов орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Күлзипа Аленова білім саласында 40 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1985 жылы Петропавл педагогикалық институтын бітіргеннен кейін бастаған ұстаз бүгінде 300-ден астам оқушысы бар мектептің оқу жұмысын ұйымдастырып келеді.

КҮЛЗИПА АЛЕНОВА, №1 СМИРНОВ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Ұстаздың айтуынша, жаңа Конституция жобасы білім саласының дамуына жаңа мүмкіндік береді. Білім беру жүйесінің зайырлы бағытын сақтау және білім сапасын Конституция деңгейінде бекіту – болашақ ұрпақ үшін маңызды шешім.

КҮЛЗИПА АЛЕНОВА, №1 СМИРНОВ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа Конституция жобасы – ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Білім саласына берілген басымдық жас ұрпақтың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына негіз болмақ.