«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Ерлан Қошанов бастаған делегацияның негізгі мақсаты - Жаңа Ата Заң жобасын жан-жақты түсіндіру және алдағы референдумның маңызын жеткізу. Тараз қаласындағы өткен кездесуге 500-ге жуық тұрғын қатысты. Зиялы қауым, ардагерлер, ұстаздар мен дәрігерлер жаңа Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүддесіне сай келетінін атап өтті. Ерлан Қошанов құжат ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесі екенін айтып, референдум ел бірлігін айқындайтын тарихи қадам деді. Оның сөзінше, жаңа Негізгі заңда «мемлекет адам үшін» қағидаты берік орнығады.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ