Петропавл қаласындағы Мещан орманында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына және Масленица мерекесіне арналған шаңғы-спорттық марафон өтті. Іс-шараны «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» өкілдері ұйымдастырды.
Зейнеткерлер өз белсенділіктерімен таңғалдырудан жалыққан емес. Қысы-жазы сергек өмір салтын ұстанып, көтеріңкі көңіл күй мен азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Ақпанның шуақты күнінде олар тағы да бас қосып, жан мен тән саулығына пайдалы уақыт өткізуді жөн көрді.
ЛИДИЯ ГРАБАРЬ – «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖЕТЕКШІСІ
Любовь Пьянкова орталыққа бес жылдан бері қатысып келеді. Ол барлық кездесулерге белсенді түрде араласады. Спортпен де етене жақын, би билейді, шаңғы және коньки тебуді ұнатады.
ЛЮБОВЬ ПЬЯНКОВА – «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ҚАТЫСУШЫСЫ
Масленица апталығына арналған мерекелік іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы алдағы күндері де түрлі белсенді іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.