Жаңа Конституциялық жобаға сәйкес, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаттары нақты айқындалған. Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біртұтас болып табылады. Сонымен қатар оның тиімді әрі әділ жұмыс істеуі үшін билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну қағидаты негізінде жүзеге асырылады.

Бұл жүйе биліктің бір қолда шоғырлануына жол бермей, тармақтар арасындағы тепе-теңдік пен өзара бақылауды қамтамасыз етеді. Барлық билік тармақтары өзара байланыста жұмыс істеп, қызметін Конституция мен қолданыстағы заңдарға сүйене жүзеге асырады.Осылайша, аталған қағидаттар елімізде заң үстемдігін нығайтып, саяси тұрақтылық пен әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады. Бұл нормалар мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.

ЗӘУРЕШ САҒЫНДЫҚОВА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» МОДЕРАТОРЫ