Полицейлер қысқы жолдардың қауіпті екенін ескертеді. Жақында әлеуметтік желілерде жүк көлігі жүргізушілерінің қырағылығы мен көмегінің арқасында ауыр апаттың алдын алған сәт түсірілген бейнежазба кеңінен тарады. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

«Астана — Петропавл» автожолының 395-шақырымында 38 жастағы «Shacman» жүк көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оның артынан келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытта «DAF» көлігін тізгіндеген әріптесі келе жатқанын біліп, рация арқылы дер кезінде ескерткен.

Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жүргізушінің айтуынша, ол қар ұйытқып соққан кезде бағытынан жаңылған. Құбылмалы ауа райы жағдайында осындай оқиғалардың алдын алу үшін СҚО аумағында полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында іс жүзінде әрбір автокөлікті тоқтатуда.

Марат Жұмалиев — СҚО ПД бастығының орынбасары

Жұмыс тәуліктің ең қауіпті уақыттарында — кешкі 20:00-ден 24:00-ге дейін және таңғы 04:00-тен 07:00-ге дейін жүргізіледі. Рейдтерге аудандық полиция бөлімшелерінің басшылары да, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Марат Жұмалиев те қатысуда.

Марат Жұмалиев — СҚО ПД бастығының орынбасары

Атқарылып жатқан жұмыстың мақсаты — жазалау емес, жүргізушілерді қауіп-қатерлер туралы алдын ала ескерту. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асыру мен көлік жүргізу кезінде телефон қолданудың аса қауіпті екенін еске салады. Өзін жайсыз сезінген жағдайда жақын маңдағы кемпингте демалуға кеңес береді.

Марат Жұмалиев — СҚО ПД бастығының орынбасары

Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысында 26 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды. Адам өліміне әкелген барлық апат республикалық маңызы бар автожолдарда орын алған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы полиция жұмысы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жүйелі түрде жүргізілуде.