Жаңа Конституцияның преамбуласында еліміздің ең басты ұлттық құндылықтары нақты көрініс тапқан. Бұл Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихқа мұрагер екенін білдіреді.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен жиында сарапшылар осылай деді. Ал, Конституциялық комиссия жұмысының ашық жүргізілуі және азаматтардың цифрлық платформалар арқылы ұсыныс беруі қоғам мен билік арасындағы сенімді диалогты күшейткен. Сондықтан Бас құжаттың жобасын мемлекет пен қоғамның бірлескен еңбегінің жемісі десек болады. Сарапшылардың пікірінше, Ата Заңды жаңарту – заң мәтінін түзетумен шектелмей, қоғамның жаңа сұраныстарына жауап беруге бағытталған маңызды қадам. Мазмұны адамға бағдарланған Консититуция қоғамдағы әділдік пен тәртіпті нығайтып, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады.
ЗҰЛФҰХАР ҒАЙЫПОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ