Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі базасында педагогтермен кездесу өтті. Жиынға 120-ға жуық мұғалім қатысып, жаңа Конституция жобасын талқылады. Кездесуге «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» коалициясы филиалының мүшелері қатысты. Талқылау барысында Конституциядағы негізгі өзгерістер, олардың маңызы мен қоғамға ықпалы жан-жақты түсіндірілді.
Жаңа Конституция жобасы 96 баптан тұрады. Қолданыстағы Конституцияның 77 бабына өзгерістер енгізілген, ол жалпы мәтіннің 84 %-ын құрайды. Жиында бірқатар баптардағы өзгерістер, соның ішінде білім және ғылым саласына, мемлекеттік тілдің мәртебесіне және цифрлық қауіпсіздікке қатысты нормалар кеңінен сөз болды.
ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН» КОАЛИЦИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ
Кездесу барысында ұстаздар жаңа Конституция жобасындағы білім саласына қатысты өзгерістерді талқылады. Педагогтердің пікірінше, жаңа Конституция жобасында құқықтық мемлекет қағидаттары айқындалып, білім сапасы мен цифрландыруға ерекше мән берілген. Олар жаңа өзгерістер қоғам дамуына серпін береді деген сенімде.
ҚУАНЫШ ДАРМЕНОВА – ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Айта кетейік, мұндай түсіндіру кездесулері өңірдің өзге білім беру ұйымдарында, сондай-ақ түрлі кәсіпорындарда, өндірістік алаңдарда және этномәдени бірлестіктерде де өткізілуде. Конституциялық өзгерістерді жан-жақты талқылау – қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді.