Кадрлық тағайындау! Беспаев Әлішер Жанатұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол - Алматы қаласының тумасы. Астана университетін және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған. Осы тағайындауға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы қызметін атқарды.