Облыс орталығында «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі басшыларының көшпелі кеңесі өтті. Жиынға өңір кәсіпкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңесте күн тәртібінде «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің атқарған жұмыстары туралы есеп, негізгі жетістіктері мен жүзеге асырылған бастамалар қаралды. Айта кеткен жөн бүгінде Қазақстан құрылысшылар одағының еліміз бойынша 20 филиалы бар.
ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ, «ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Талқыға салынған мәселелердің қатарында құрылыс алаңдарын алдын ала дайындау жұмыстарының сапасы мен мерзімі, сондай-ақ инженерлік желілердің дайын болмауы сөз болды. Сонымен қатар еліміздегі құрылыс саласында кадр тапшылығы мәселесі көтерілді. Осыған байланысты еңбек ресурстары артық елдерден, нақтырақ айтқанда Өзбекстан мен Тәжікстаннан келетін еңбек мигранттарына қатысты квоталар мен нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру қажеттігі айтылды.
ӘМІРЖАН ШӘКЕЙ, «ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ» СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Сонымен қатар сметалық баға қалыптастыру жүйесінің нарықтағы нақты баға өсіміне ілесе алмауы мәселесі көтерілді. Соның салдарынан құрылыс материалдарының қымбаттауы бірқатар нысандардың жарты жолда тоқтап қалуына себеп болған. Бүгінде кейбір әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бірнеше жылдан бері аяқталмай тұр.