Қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары аясында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК СҚОФ мамандары кезекті рейдтік тексеріс ұйымдастырды. Бақылау барысында жол жамылғысының жай-күйі, қардан тазалау сапасы және жол бойында қар үйінділерінің болмауы назарға алынды. Сонымен қатар арнайы техниканың дайындығы, құм, тұз және мұзға қарсы материалдардың қоры сараланды.
Рейд нәтижесінде анықталған ескертулер уәкілетті органға жолданып, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. Биылғы тексерістер барысында 5 рейд жүргізіліп, 7 ақау анықталып, бүгінде олар толықтай жойылған.
ҚАНАТ ҮСЕРБАЕВ – «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ САПАСЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы облыс аумағында 6 жол пайдалану учаскесі мен 11 жол пайдалану пункті жұмыс істейді. Қысқы кезеңге 288 маман және 128 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қажетті материал қоры жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген.
АРМАН ОСПАНОВ – СҚО БОЙЫНША ЖПБ БАСШЫСЫ
Мамандар қыс мезгілінде жол қозғалысына қатысушыларды барынша сақ болуға шақырады. Қолайсыз ауа райы кезінде жолға шығар алдында бағыттағы жағдайды нақтылап алған жөн.