Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістердің бірі зайырлы білім беруді қорғауды күшейту. Жаңа түзетулер мектептер мен оқу орындарында бейтарап, ешқандай идеологияға тәуелді емес орта қалыптастыруға бағытталған. 

Петров орта мектебінде бүгінде 228 оқушы білім алады. 1-11 сынып аралығында оқитын балалар төрт жақын ауылдан осы мектепке қатынап сабаққа келеді. Мұнда олар үшін жайлы жағдай жасалған. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

БІРЖАН ҚОЙШЫБАЕВ, ПЕТРОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Мектеп директорының айтуынша, оқушылар белсенді, оқу мен спортта, сондай-ақ шығармашылық бағытта жақсы нәтижелер көрсетуде. Соңғы ҰБТ-да мектеп оқушыларының бірі 127 балл жинаған. Жаңа Конституция жобасы білім беру саласын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

БІРЖАН ҚОЙШЫБАЕВ, ПЕТРОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді. Дауыс беру кезінде «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады. Жоба 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған.