Өңірде жаңа Конституция жобасы қызу талқыланып жатыр. Әсіресе білім саласына көп көңіл бөлінуде. Петропавл қаласындағы бірінші гимназияда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша референдумды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі облыстық штаб өкілдері мұғалімдермен кездесіп, жобаның мәнін түсіндірді.

Өңірде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Кезекті кездесу бірінші гимназияда өтті. Бұл мектепте 70 мұғалім жұмыс істейді. Кездесуде мамандар жобаның басты мақсаты – адамға, оның білімі мен дамуына көбірек көңіл бөлу екенін айтты.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, СҚО ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-ДІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Қатысушыларға елдің Негізгі заңының жобасына енгізілетін өзгерістер мен қосымшалар толық және нақты түсіндірілді. Мұғалімдер сұрақ қойып, өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, Конституция жобасының кейбір баптарын талқылады.

ЕВГЕНИЙ НАГОЧЕВСКИЙ, БІРІНШІ ГИМНАЗИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР МҰҒАЛІМІ

Білім мекемесінде шамамен 800 оқушы оқиды. Түсіндіру жұмыстары оқушылар арасында да жүргізілуде. Ақпараттық жұмыс­тың басты мақсаты – тұрғындарға жобаны ашық түсіндіру, олардың түсінуін қамтамасыз ету және алдағы референдумға белсенді қатысуын ынталандыру.