9 ақпан – қазақ поэзиясының алып тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ақын 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, ол өлең жазуды ерте жастан бастаған. Мұқағали Мақатаев қазақ әдебиетіне терең лирикасы мен шынайы сезімге толы жырларымен өшпес мұра қалдырды.
Ол Шекспир мен Дантенің әлемдік деңгейдегі шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ақынның көптеген өлеңдеріне белгілі сазгерлер ән жазып, халық арасында кең тарады. Бүгінде Мұқағали Мақатаевтың шығармалары ұлт руханиятының асыл қазынасы ретінде бағаланады.
ДИАС АЯҒАН, ЖАС АҚЫН
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы адам жанының терең сырын, туған жерге деген махаббатты айрықша бейнелейді. Ақын көзі тірісінде лайықты бағасын алмаса да, оның шығармалары уақыт өткен сайын өз құнын арттыра түсті.
ДИАС АЯҒАН, ЖАС АҚЫН
Мұқағали Мақатаев өз жырлары арқылы қазақтың болмысын, тағдырын және арманын мәңгілікке хаттап кеткен ақын. Бүгінде Мұқағали есімі қазақ халқының жүрегінде мәңгілікке сақталған.