Қазақстанда жаңа Конституция жобасы талқылануда. Осыған байланысты еліміздің көптеген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылып жатыр.
Петропавл қаласындағы автовокзал ұжымымен де жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің әрбір азаматтың құқығы мен қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталғаны ерекше атап өтілді.
ЕЛЕНА ВАВИЛОВА – «ПЕТРОПАВЛ АВТОВОКЗАЛЫ» ЖШС БАС БУХГАЛТЕРІ
Мұндай түсіндіру іс-шаралары оқу және спорт мекемелерінде, кәсіпорындар мен жекеменшік ұйымдарда да ұйымдастырылуда. Қоғамдық кеңес, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-маңызын халыққа кеңінен түсіндіруде. Бұл бастамалар азаматтардың құқықтарын нығайтуға, билік жұмысының ашықтығын арттыруға және қоғам сенімін күшейтуге бағытталған.
БАҒДАТ МҰҚАНОВА – СҚО ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының елдің алдағы дамуы үшін маңыздылығы жан-жақты айтылды.