Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары GenerativeX 2026 халықаралық хакатонында жүлдегер атанды. Байқауға бес елден 350-ден астам мектеп оқушысы мен студент қатысты. Петропавлдық оқушылар үшінші орынды иеленіп, дарынды студенттерге өз қызығушылықтарына сай оқу, тағылымдама және жобаларды табуға көмектесетін онлайн-платформаны ұсынды. Жобаны әзірлеуге оқушыларға бар болғаны бір апта уақыт берілген. Қазылар алқасы сервистің ыңғайлылығын және практикалық маңызын жоғары бағалады. Жүлде ретінде оқушылар 50 мың теңге ұтып алып, оны алдағы жаңа жобаларды іске асыруға жұмсамақ.

АРТУР ШТЕЙНЕР, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ