Қаңтар айынан бастап салық берешегін өндіріп алудың тәртібі өзгерді.((КСМ)) Енді салық төлеушінің қарызы 20 АЕК-тен, яғни 86 500 теңгеден аспайтын болса, шоттары бұғатталмайды. Былтыр 6 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болған жағдайда қарызды өндіріп алу шаралары қолданылатын. Ал, салық берешегінің сомасы 45 АЕК-тен асса, бұл дегеніміз 194 625 теңге, мұндай жағдайда өсімпұл есептеліп, шығыс операциялары бұғатталады. Және борышкердің шотындағы ақшадан берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады.
ҚАЙСАР АРЫН, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ