Өңірде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 7,1 пайызға төмендеген. Құқықбұзушылықтардың саны 13 пайызға азайған. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 2025 жылдың қорытындысын шығарды.
Жалпы алғанда, облыстағы криминогендік жағдай тұрақты. Құқық бұзушылықтардың жалпы саны 13 пайызға, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар 7,1 пайызға төмендеді. Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов бірқатар өзекті бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін Сондай-ақ ол бағынысты қызметкерлерге интернет-алаяқтықтың алдын алу, бұрын жасалған қылмыстарды ашу және жол қауіпсіздігін нығайту бағыттарындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Полиция полковнигі Абай Жүсіпов бөлімшелердегі тәртіптің жай-күйі үшін басшылардың жеке жауапкершілігін еске салып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында анықталған кемшіліктерді жүйелі түрде жоюға шақырды.