Петропавлда Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем. Әйел. Шабыт.» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап -ғылыми кітапханасында ұйымдастырылды. Мерекелік кеште ақын-жазушылар, студенттер мен мектеп оқушылары өнер көрсетіп, аналар мен аруларға жылы лебіздерін білдірді. Көрермендерге арнап өлеңдер оқылып, әндер шырқалды, сондай-ақ би ұжымдарының шығармашылық нөмірлері ұсынылды.
Сахна төрінде «Грация» және «Вдохновение» би ансамбльдері, №5 орта мектептің «ALEM dance studio» ұжымы өнер көрсетті. Кеш барысында облыстық әдеби бірлестік мүшелері мен жергілікті ақындар өз шығармаларын оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ал «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының театр үйірмесі шағын сахналық қойылым ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени іс-шараларқыз-келіншектердің, аналардың қоғамдағы орнын айқындап, шығармашылық адамдардың басын қосуға мүмкіндік береді.
ЗАҒИПА ЕҒЗАМ – СӘБИТ МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП -ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ