Жаңа Конституция жобасында жастарды қолдауға бағытталған бірқатар маңызды нормалар қамтылған. Атап айтқанда, білім мен ғылымды дамытуға, инновациялық бастамаларды жүзеге асыруға және жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына жағдай жасау көзделген. Сарапшылардың айтуынша, бұл бастамалар жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырып, өз әлеуетін туған жерде жүзеге асыруына жол ашады.
Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылында орналасқан агротехникалық колледжде бүгінде жас мамандар еңбек етіп келеді. Солардың бірі – «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан колледж қызметкері. Ол білім беру саласында тәжірибе жинап, студенттермен жұмыс істеуге мүмкіндік алған. Жас маманның айтуынша, Конституцияның жаңа жобасында жаңа нормалар жастардың құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың кәсіби дамуына да жаңа мүмкіндіктер береді. Сондықтан ол алдағы референдумның маңызы зор екенін атап өтті.
ЭЛЬМИРА АННАС, «АЙЫРТАУ АУДАНЫ САУМАЛКӨЛ АУЫЛЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ