Солтүстікқазақстандықтар әділетті мемлекет құруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және экологиялық жауапкершілікті дамытуға бағытталған жаңа Конституция жобасын талқылауды жалғастыруда.

Жобада қоршаған ортаны қорғау, цифрлық құқықтар, ғылым мен адами капиталды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылған. Маңызды бастамалардың бірі – экология және «Таза Қазақстан» бағыты. Құжатта азаматтардың табиғатты қорғау міндеті, ал мемлекеттің өмір сүруге қолайлы экологиялық ортаны қамтамасыз ету жауапкершілігі бекітіледі. Сонымен қатар жоба бүкілхалықтық референдумға ұсынылады.

АНАРА ӘЛЕНОВА, Ж. ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ