Қазақстанда жаңа Конституция жобасы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Құжатта адам капиталының дамуына ерекше мән беріліп, білім, ғылым, инновация және мәдениет салалары мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде айқын көрсетілген. Сонымен қатар құжаттың преамбуласында Ұлы даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы атап өтіліп, ел дамуының негізгі тірегі ретінде адами құндылықтарға басымдық берілген. Мамандардың айтуынша, мұндай өзгерістер елдің рухани және интеллектуалдық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа Конституция жобасы елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған маңызды құжаттардың бірі. Онда білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды қолдау, сондай-ақ ұлттық мәдениетті сақтап, дамыту мәселелері ерекше назарға алынған. Бұл бастамалар қоғамның рухани дамуына ықпал етіп қана қоймай, елдегі мәдениет саласының дамуына да серпін бермек. Уәлиханов ауданындағы мәдениет қызметкерлері жаңа жобадағы мәдениет саласына қатысты мәселелердің көрініс табуын оң бағалайды.

ҚАЙРАТ БЕЙСЕНОВ, КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР РЕЖИССЕРІ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ