8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шарада әйелдер қауымын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатарын марапатталды.

Өңір басшысы әйелдердің отбасы құндылықтарын сақтап қана қоймай, қоғамның түрлі саласында табысты еңбек етіп жүргенін айтты. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет саласында еңбек ететіндердің 64 пайызы әйелдер. Сонымен қатар облыстық және қалалық мәслихаттарда 57 әйел депутат өңірдің дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қатысып келеді. Облыс әкімі Ғауез Торсанұлы мерекемен құттықтады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

Рауза Кашенова өмірінің шамамен 45 жылын өнер мен педагогика саласына арнаған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, білім беру ісінің үздігі. Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Құрмет» ордені табысталды.

РАУЗА КӘШЕНОВА, Е.СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ - ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Аймақ басшысы әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы белсенділігіне де тоқталды. Қазіргі таңда өңірде 6 мыңнан астам кәсіпкер әйел бар. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, облыс экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда. Солардың бірі «Зелёный север» ЖШС-нің директоры Екатерина Асаенок. Көп жылдық тәжірбиесі мен адал еңбегі үшін ол «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

ЕКАТЕРИНА АСАЕНОК, «ЗЕЛЁНЫЙ СЕВЕР» ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ

Сондай-ақ іс-шара барысында көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Солардың қатарында 7 баланың анасы Гаухар Абдуллаева да бар.

ГАУХАР АБДУЛЛАЕВА, «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ

Аяулым Жолмұқанова облыстық Қызылжар телеарнасының телебағдарламалар әзірлеу жөніндегі шығармашылық қызметінің шеф- редакторы. Телевидение саласында 20 жылға жуық тәжірбиесі бар білікті маман. Мерекелік іс-шарада облыс әкімінің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аяулым Жолмұқанова, «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ:

Кездесу барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі атап өтілді. Облыс әкімі барша әйел затына алғыс айтып, денсаулық, отбасыларына амандық және еңбектеріне табыс тіледі. Мерекелік жиын жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті.