Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін аудан әкімдері мен ведомство басшыларымен талқылады. Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы арнайы техникаларды қарап, атқарылып жатқан тасқынға қарсы шаралары туралы баяндамаларды тыңдады. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов бірқатар кәсіпорындарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізді. 

Облыста ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін біріккен жедел жасақ құрылған. Оның құрамында екі мыңнан астам маман мен шамамен бір жарым мың техника бар. Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы жедел әрекет ету жасағының саптық құрылымын тексеріп, арнайы техникаларды көрді. Кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша, Аққайың, Ақжар және Уәлиханов аудандарының әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ – ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

ЖАНАР ҚҰСАЙЫН – АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Өңірде су тасқыны қаупі орташа деңгейде болғанымен, босаңсуға болмайды. Негізгі қауіп көктемгі тасқынмен байланысты, – деді облыс әкімі. Синоптиктердің мәліметінше, өңірде 112 елді мекенді су басу қауіпі бар. Қыс мезгілінде су айдындарында қалың мұз қабаты қалыптасқан.

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жағдай тұрақты бақылауда. Өңір басшысы барлық қажетті шараларды уақытылы қабылдауды, қар тазалау және су өткізу жүйелерін тазарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңір басшысы аудан әйелдерімен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тайынша ауданының әйелдері қоғамдық өмірге белсенді қатысып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосып келеді. Кездесу барысында олар азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өнерлерін де көрсетті.

Сапар барысында өңір басшысы облыстың құрметті азаматы, еңбек ардагері Қазиза Құжановамен де кездесті. Ол 26 жылдан астам уақыт тракторшы болып еңбек етіп, өңірдегі алғашқы әйел механизаторлардың бірі атанған. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов «BioOperations» компаниясының қызметкерлерімен кездесіп, өндірістік жоспарлар мен алдағы референдум мәселесін талқылады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, осындай өндірістердің дамуы – жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік әділетті мемлекет құру қағидаттарының нақты көрінісі.

ОҢҒАР НҰРТАЕВА «BIOOPERATIONS» ЖШС ЛАБОРАНТЫ

Өңір басшысы сондай-ақ «Lera NORD»ЖШС инвестициялық жобасының жүзеге асуымен танысты. Кәсіпорын сүт өңдеуден бастап ірімшік өндіруге дейін толық цикл бойынша жұмыс істейді. Өткен жылы жылына 600 тонна өнім өндіруге мүмкіндік беретін ультрапастерлеу цехы іске қосылған.

АРТЕМ САМОЙЛЕНКО – «LERA NORD» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Тайынша ауданында әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға арналған 18 пәтерлі жаңа үйдің кілттері табысталды. Бұл әр отбасы үшін тек баспана ғана емес, жаңа өмірге бастар мүмкіндік.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Снежана Пославская тұрғын үй кезегінде 11 жыл тұрған. Үш баланы тәрбиелеп отырған ана үшін үш бөлмелі жаңа пәтер – Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы ең үлкен сый болды.

СНЕЖАНА ПОСЛАВСКАЯ – ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Өңір басшысы жаңа пәтерлерді аралап көріп, тұрғындардың тұрмыс жағдайымен танысты және қоныс той иелеріне бақыт, береке және жаңа үйде жайлы өмір тіледі.