Биыл ішкі істер органдарында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» бастамасы қолға алынды. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде балалардың құқығын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі алдын алу іс-шаралары өткізіліп жатыр. Осындай маңызды мәселелерді талқылау үшін Қызылжар ауданында да арнайы форум өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Бескөл ауылындағы Мәдениет үйінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған форум өтті. Балалардың құқығын қорғау және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
АРҒЫН АМАНБАЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Форумның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүйелеу, білім беру мекемелері мен құқық қорғау органдарының өзара байланысын күшейту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарын жетілдіру. Форум барысында қатысушылар құқықтық тәрбие беру және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелерін талқылады.
АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қызылжар өңірінде алты мыңнан астам оқушы білім алады. Жалпы өңірде 39 мектеп жұмыс істейді.