Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бастауыш сынып оқушыларына арналған ауқымды іс-шараға театр әртістерін шақырды.
Полицейлер «Қауіпсіздік мектебі» атты ауқымды ведомствоаралық іс-шараға қатысты. Алғашқы кезеңде тәртіп сақшылары прокуратура, ТЖД қызметкерлері, педагогтар мен психологтармен бірге №28 мектепке келіп, бастауыш сынып оқушыларымен кездесті. Қаладағы 36 мектептің оқушылары бұл шараны Zoom платформасы арқылы бейнеконференция форматында тамашалады.
Полицейлердің бағдарламасының ерекшелігі — Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының әртістерін шақыру болды. Ойын элементтері бар жарқын театрландырылған қойылым ұл-қыздарға ерекше әсер сыйлап, жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін бекітуге көмектесті.
Абылайхан Сатыбалды — Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы
Балалар арасындағы жол-көлік жарақатын азайту — полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың үшеуі қаза тауып, 11-і жарақат алды. Полицейлер жас жаяу жүргіншілерге жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруда. «Қауіпсіздік мектебі» жобасы аясында орта және жоғары сынып оқушыларымен де кездесулер өтеді.