Конституцияның жаңа жобасында білім беру саласын дамытуға және педагогтардың мәртебесін арттыруға ерекше назар аударылған. Құжатта әрбір азаматтың сапалы білім алуға құқығы айқындалып, мемлекет білім беру жүйесінің қолжетімді әрі тиімді болуын қамтамасыз ететіні көрсетілген. Сонымен қатар, ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын күшейтіп, педагогтардың кәсіби беделін арттыру негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленген.
Ата заңның жаңа жобасында білім мен ғылым ел дамуының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілеп, барлық азаматқа сапалы білім алуға мүмкіндік жасауға міндетті. Уәлиханов ауданындағы ұстаздардың айтуынша, мұндай өзгерістер педагогтардың қоғамдағы рөлін арттырып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
РУАННО РАСУЛОВА, УӘЛИХАНОВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ