Петропавл қаласында «Respublika» партиясы жанындағы әйелдер қоғамдастығының ұйымдастыруымен «Солтүстік әйелдер күші» атты форум өтті. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға 40-қа жуық қыз-келіншек қатысып, өзара тәжірибе алмасып, пікір бөлісті.
Форум барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, көшбасшылық қабілетті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Жиынға арнайы шақырылған қонақтар өз жетістіктері мен өмірлік тәжірибелері туралы айтып, «әйел бақыты» жайлы сөз қозғады.
ӘСЕЛ ҚҰНАНОВА, «RE:WOMEN» ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жиынның басты мақсаты - өңірдегі белсенді, бастамашыл әйелдердің басын қосып, олардың әлеуетін арттыруға қолдау көрсету, сондай-ақ әйелдер қауымының бірлігін нығайту. Кездесу еркін форматта өтіп, ашық диалог алаңына айналды.
РҮСТЕМ ІЛИЯСОВ – «RESPUBLIKA» ПАРТИЯСЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ.
«RE:WOMEN» әйелдер қауымдастығы 2025 жылдың шілде айында құрылды. Осы уақыт аралығында 100-ден астам түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылған.