Петропавлдағы Борки кентіндегі шаңғы базасында Денсаулық күніне орай және алдағы референдумды қолдау мақсатында дәстүрлі шаңғы жарысы өтті. Саламатты өмір салтын ұстанған тұрғындар шаңғы марафонында бақтарын сынады. Спорттық іс-шараға облыс орталығынан 200-ге жуық адам қатысуға ниет білдірді.

Жарысқа қала тұрғындарымен қатар күштік құрылым өкілдері, медицина және білім саласының мамандары да қатысты. Жарыс бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды.

ВЛАДИМИР ЩЕРБАКОВ, ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН БЖСМ ДИРЕКТОРЫ

Қалалық шаңғы жарысына әртүрлі жастағы спорт сүйер қауым жиналды. Солардың бірі – университеттің аға оқытушысы Александр Владимирович Наумов. Ол бұл жарысқа 20 жылдан астам уақыттан бері тұрақты қатысып келеді. Биыл да ұстаз екі топ студентін ертіп келіп, жастарды спортқа баулудың маңызын атап өтті. Айтуынша, мұндай шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, қоғамды біріктіре түседі.

АЛЕКСАНДР НАУМОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар тұрғындарды белсенді өмір салтына баулып, қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыра түседі.