2026 жылдың 15 наурызында өтетін республикалық референдум қарсаңында қоғам арасында жаңа Конституция жобасы кеңінен талқылануда. Елдің әр өңірінде тұрғындар өз ойларын ортаға салып, маңызды саяси науқанға қатысты пікір білдіруде. Депутаттар, зиялы қауым өкілдері, медицина саласының қызметкерлері мен ғалымдар бұл жаңа жобаның ел болашағы үшін маңызы зор екенін айтуда.

Мамандардың айтуынша, жаңа Ата заң жобасында азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған нормаларға басымдық берілген. Сонымен қатар құжаттың барша халыққа түсінікті, қарапайым тілде жазылуы да ерекше назарда. Бұл өз кезегінде әр азаматтың заң мазмұнын еркін түсініп, ел дамуына қатысты маңызды шешімге саналы түрде қатысуына мүмкіндік береді.

ЕЛЕНА АХМЕДЖАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ