Оқушылар сарайында салтанатты жиын өтіп, онда СҚО ПД бастығы Абай Жүсіпов полиция қатарында қызмет атқарып жүрген барлық әйелдерді келе жатқан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ол нәзік жандыларды Заң мен Тәртіпті нығайтуға өздерінің ең жақсы қасиеттерімен —ұқыптылығымен және таңдаған жолына адалдығымен зор үлес қосып жүргенін атап өтті.
Мерекелік кеште 30-дан астам қызметкер әйел мен полицейлердің аналары марапатталды. Олардың тоғызына арнайы атақтар, медальдар мен төсбелгілер, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Ішкі істер органдарының ардагері Зауре Рахымбекова «Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Жүсіпов тоғыз полицейдің анасына департаменттің алғыс хаттарын табыстады. Олардың қатарында көпбалалы ана Сартас Байзақова бар — оның екі ұлы полиция қызметкері, ал тағы екі ұлы Ұлттық ұлан офицерлері. Марапатталғандардың қатарында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің жесірі Ольга Гордеева да болды. Бүгінде әкесінің жолын ұлы Данил жалғастырып, Жамбыл ауданы полиция бөлімінде жедел уәкіл болып қызмет атқарады.
Кейін Жастар сарайының сахнасында мерекелік концерт өтті. Онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің құттықтау жеделхаты оқылды. Әйел-полицейлерді СҚО ПД Мәдениет орталығының вокалдық және би топтарының әртістері, «Arai Kids» студиясының жас өнерпаздары өнер көрсетті, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Алтынай Жорабаева әннен шашу шашты.