Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында қызметкерлерге жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндірілді.
Кездесу барысында Жүсіп Жұмағұлов жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды. Ол жаңа құжат демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың қоғамдық өмірдегі рөлін арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ релейлік қорғау қызметінің инженері Белла Савенко жаңа Конституция жобасын қолдайтынын айтып, оны азаматтардың құқықтарын нығайту мен қоғамның әрі қарай дамуы үшін маңызды қадам деп санайтынын жеткізді.
БЕЛЛА САВЕНКО, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЖТК» АҚ РЕЛЕЙЛІК ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНЖЕНЕРІ
Кездесу соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты. Осындай іс-шаралар азаматтардың ақпарат алуына жағдай жасап, жаңа Конституция жобасын ашық талқылауға мүмкіндік береді.