Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне және көрнекті жазушы Ғ. Мүсіреповтың туған күніне орай «Ұлт анасы – Ұлпан» атты іс-шара өтті. Кездесудің басты мақсаты қазақ әдебиетіндегі ана бейнесін кеңінен насихаттап, жастарға рухани құндылықтарды дәріптеу.

«Ұлт анасы - Ұлпан». Іс-шараның дәл осылай аталуы да тегін емес. Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетінде ана образын терең әрі көркем суреттеген қаламгерлердің бірі. Жазушының «Ақлима», «Ананың анасы», «Әмина», «Ананың арашасы», «Ашынған ана», «Ер ана» секілді туындылары ананың мейірімі мен қайсарлығын бейнелейтін шоқтығы биік шығармалар. Ал осы тақырыптың көркемдік шыңы ретінде жазылған «Ұлпан» романы қазақ әдебиетіндегі ерекше эпикалық туынды саналады.

ХАВДОЛЛА БЕЙІСХАН: Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАНХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Іс-шараға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері қатысты. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректермен танысып, «Ұлпан» романының идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға қаламгердің ана тақырыбына арналған шығармалары кеңінен таныстырылды.

ШЫҢҒЫС РОМ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ

НАЗЕРКЕ ТҰРЫСБЕКОВА, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ

Мұндай әдеби кездесулер жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдеби мұраға деген құрметті де қалыптастырады.