Бақытты балалар – ең алдымен дені сау балалар. Алайда кейбір солтүстікқазақстандық бүлдіршіндер жаңа жыл мерекесін облыстық балалар ауруханасында қарсы алуға мәжбүр. Медициналық мекеме өз пациенттерінің тек физикалық емес, психологиялық саулығына да ерекше көңіл бөледі.

Қазіргі таңда аурухананың түрлі бөлімшелерінде шамамен 300 бала ем қабылдап жатыр. Негізінен балалар инфекциялық аурулармен немесе түрлі жарақаттармен түскен. Аурухана ұжымы әрбір мерекені атап өтуді дәстүрге айналдырған. Бұл кішкентай науқастардың көңіл-күйін көтеріп, тезірек сауығып кетуіне оң әсерін тигізеді.

СНХ: АЙДАР МҰСТАФИН, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының көптеген серіктестері бар. Олар солтүстікқазақстандық кішкентай науқастарға үнемі кітаптар, ойыншықтар, кеңсе тауарлары және өзге де сыйлықтар әкеліп, емделу барысының барынша жайлы өтуіне ықпал етеді. Ал, бұл жаңа жылдық ертеңгілік «Дуслық» татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен өтті.

СНХ: ДАМИР МҰХАМЕДЖАНОВ, «ДУСЛЫҚ» ТАТАР-БАШҚҰРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, олармен бірге ойын ойнап, көңілді би ұйымдастырды. Іс-шара соңында ауруханада ем алып жатқан әрбір бүлдіршінге естелік сыйлықтар үлестірілді.