Петропавлдағы сәбилер үйінде ата-ана қамақорынсыз қалған, туған-туыстары бас тартқан балалар тәрбиеленеді. Бүгін мекемеде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ертеңгілік өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстады.

Мереке күні сәнді киімдерін киген бүлдіршіндердің көздері қуанышқа толы. Олар үшін бүгін ерекше күн. Мереке қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сәбилер үйіне барып, балаларға тәттілер табыстады. Ол тәрбиешілер ұжымына атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, балаға жылулық пен қамқорлық сыйлаудың маңызын атап өтті.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

1 ғасырлық тарихы бар сәбилер үйінің мамандары тағдыр тауқыметін тартып, жылулық іздеген бүлдіршіндерге пана болып келеді.

СНХ: АЛЕКСАНДР ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, СӘБИЛЕР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сәбилер үйі 75 орынға шақталған. Балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Бүлдіршіндермен тәжірибесі мол тәрбиешілер, медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бүгінде мекемеде барлығы 84 маман еңбек етеді.