СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жұмыс сапарымен Ақжар ауданында болды. Полиция генерал-майоры мектептердегі қауіпсіздік жүйесін тексеріп, полиция қызметкерлерімен кездесіп, бірқатарын марапаттады.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін тексеру. Айдын Қабдұлдинов Талшық орта мектебіне барып, күзет қызметінің жұмысын, сыныптар мен дәліздердегі бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ дабыл батырмасын тексерді. Жоғары басымдықтағы дабыл кезекші бөлімге түсті, және бірнеше минут ішінде толық жабдықталған құрам – тергеуші, жедел уәкіл және криминалист – оқиға орнына жетті.

Департамент бастығы министрлік тарапынан белгіленген негізгі міндеттерді атап өтіп, жеке құрамды ішкі істер органдарының жұмысына мемлекеттік басымдықтарды жүзеге асыруға бағыттады. Сондай-ақ Айдын Қабдұлдинов полицейлерге қызметі үшін алғыс айтып, Арман Жабинге, Саян Қосмағанбетов және Рашат Бердібаевқа грамоталар тапсырды. Ішкі істер органдары ардагерлеріне – Ғабдуләшім Әмрин, Майлыбай Айсинов және Олег Солтановқа да алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар берілді. Сондай-ақ учаскелік инспектор Дәурен Бейсеновтің және тергеуші Ербол Хамиттің әкелеріне де құрмет көрсетілді. Департамент бастығы полиция әкімшілік ғимаратындағы қызмет жағдайымен, учаскелік пункттің кабинетімен танысып, аудандық бөлім музей экспозицияларын көрді, жеке құрамды «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында адал қызметке бағдарлады.

Ақжар ауданының әкімі Рустем Елубаев халық алдында есептік кездесу өткізді. Оған өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Ішкі істер органдарының құзыретіне қатысты барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.