Есіл ауданында заманауи технологияларды, білім беруді және креативті индустрияларды біріктіретін «Nomads-AI» орталығы өз жұмысын бастады. Қазір IT-мамандарға және стартап-командаларға таптырмас мүмкіндік ашылды. Жаңа орталықта небәрі 2 ай жұмыс жүргізілген.
Орталықтың концепциясы мен атауы тарихи тамырларымызбен үндесіп, көшпенділер бейнесін бейнелеп қазіргі заманғы көзқарасты көрсетеді. Орталықта төрт негізгі алаң жұмыс істейді: коворкинг-кеңістік, робототехника мен 3D-жоспарлауды оқыту аймағы, жасанды интеллектті үйрену және стартап-жобаларды дамыту алаңы, сондай-ақ медиастудия.
СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев қатысты. Ол жастарға, аудан тұрғындарына жасалған мүмкіндіктермен танысып, ізгі лебізін білдірді.
СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Орталықтың жұмысы үшін 10 жаңа компьютер мен 7 ноутбук сатып алынып, жаңа жиһаз орнатылды. Бұл оқу мен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Робототехникаға да арнайы алаң бар. Ол жерде республикалық және халықаралық байқауларда көрініп жүрген білікті мамандар бар.
СНХ: РАХАТ ОСПАНОВ, «NOMADS-AI» КРЕАТИВТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Nomads-AI» орталығының ерекше артықшылығы басқа аудандарда баламасы жоқ медиастудия. Ол кәсіби камерамен, микрофонмен, софтбокспен жабдықталған, бұл фото-видео- және цифрлық контентті, сондай-ақ оқу және презентациялық материалдарды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда кәсіби деңгейде мәтін жазуға және дыбыстық сүйемелдеу жасауға жағдай қарастырылған.
СНХ: БАТЫРХАН ОТЫНШИЕВ, «NOMADS-AI» КРЕАТИВТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Алдағы уақытта орталық базасында оқыту бағдарламалары, мастер-класстар, хакатондар және стартап-интенсивтер өткізу жоспарланған. Жаңа айти хаб инновациялық және креативті ортаны дамыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, таланттарды ашуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға жол ашады.