Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау құрылымдары мен салалық ведомстволардың өкілдері қатысты.

Басты мәселе - түрлі салаларда бармақ басты, көз қысты әрекеттерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру. Қатысушылар өткір тұстарды тілге тиек етті, бұзушылықтардың пайда болуына ықпал ететін факторларды анықтауға ерекше назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді, кешенді және жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру, ішкі бақылау мен алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.