Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру үшін 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар қабылданды. Онда түрлі бағыт бойынша бірнеше заң жобасын әзірлеу көзделген. Астанада Құрылтай секцияларының отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жылдың негізгі қорытындыларына тоқталды.
Экономика тұрақты өсім көрсетіп, жаңа кәсіпорындар іске қосылды, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды. Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту ісі жалғасып жатыр. Ұлттық құрылтай секцияларының жиынында Мемлекеттік кеңесші осылай деді. Ерлан Қарин парламенттік реформаға қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, аталған реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» мемлекеттік құрылыстың базалық формуласы аясындағы ауқымды саяси жаңғырудың логикалық жалғасы.
Егер бір палаталы Парламент құрылатын болса, Конституцияның негізгі заңының кемінде 40 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтіліп отыр. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Бурабайда өткен IV отырыста Ұлттық құрылтай мүшелері тарапынан айтылған бастамаларға да тоқталды.
СНХ: ЕРЛАН ҚАРИН – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ
Ұлттық құрылтай бастамалары аясында бірқатар маңызды тұжырымдамалық құжат әзірленді. Мәселен, ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық құжат дайындалды. 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. 2025–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды.
СНХ: АЙДОС САРЫМ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
СНХ: МАРАТ ШИБҰТОВ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру жұмысы жалғасып жатқанын атап өтті. Дәлірек айтсақ, «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы, «Асыл мұра» аудио жинағы секілді маңызды мәдени-гуманитарлық жобалар жүзеге асырылды. Енді балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралардың барлығын біріктіретін «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленуде. Сондай-ақ шекаралық аумақтарды дамыту көзделіп отыр.
СНХ: ЕРЛАН САИРОВ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
Бастамалар мен ұсыныстарды іске асыру мәселелері Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам», «Әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму», «Білім және ғылым» атты жұмыс секцияларында талқыланды.