2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі аясында корпоративтік табыс салығының дифференциалды мөлшерлемелері күшіне енеді. Корпоративтик табыс салығының мөлшерлемесі жекелеген қызмет түрлерін қоспағанда, салық салынатын табыстың 20 пайызы. Бұл көрсеткіш кейбір қызмет түрлеріне қолданылмайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды. Сондай-ақ келер жылы салықтық тексерулер қалай жүргізілетіні жөнінде ақпарат берілді.

Салықтық тексеру төрт жағдайда тағайындалады: салық төлеушінің өтініш беруі, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздердің болуы, Салық кодексінде көзделген талаптардың туындауы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінде қарастырылған негіздердің болуы; салық органының тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығының лицензиялық режимге қайта рәсімделу жағдайларын қоспағанда, жер пайдалануға арналған келісімшартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде.

СНХ: ТАЛҒАТ САЛКЕЕВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ