Облыс орталығына қайтар жолда аймақ басшысы Тайынша ауданындағы Чкалов ауылына ат басын бұрды. Өңір жетекшісі елдімекенде салынып жатқан "Қамқорлық" оңалту орталығының құрылысымен танысты. Аталған нысан тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ жүйелі оңалтуды қажет ететін балалар үшін тұрғызылуда. Болашақта бұл мекемеде Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Айыртау аудандарынан 600 ұл-қыз қажетті жәрдем ала алады. Орталық заманауи жабдықтармен және қажетті жиһазбен қамтамасыз етілетін болады.