Ботаникалық бақта «Аяз аталар шеруі» атты көрме ашылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына өткен ғасырдың соңынан бастап қолданыста болған 200-ден астам шырша ойыншығы ұсынылған. Ересектер осылайша балалық шаққа саяхат жасаса, балалар жаңа жылдық көңіл күйдің ажырамас бөлігіне айналған, бүгінде сирек кездесетін ойыншықтарды тамашалай алады.

Мұнда тұрған әрбір ойыншық — сиқырға толы балалық шақтың естелігі. Аяз ата бейнесіндегі мүсіндер, ертегі кейіпкерлерінің суреті салынған маскалар, темірден жасалған жұлдыздар мен шыны ойыншықтар - барлығы бір дәуірдің рухын сездіреді. Анна Ляшенконың жеке жинағында пластмасса, пенопласт, велюр және мақтадан жасалған түрлі Аяз аталар бар. Қазіргі таңда коллекцияда 134 Аяз ата сақтаулы. Олардың қатарында Германия, Ресей және Беларусь елдерінде жасалған сирек үлгілер де кездеседі.

СНХ: АННА ЛЯШЕНКО, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Көрмедегі ерекше ойыншық ол айналатын шырша. Оның иесі Артут Разяпов қарапайым физика заңдары бұл шыршаны нағыз сиқырға айналдырады дейді.

СНХ: АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ДИРЕКТОРЫ

Көрмеде 1930-жылдар мен 1960-жылдарға жататын сирек ойыншықтар да қойылған.