Полиция департаментінің өкілдері Абылай хан резиденциясының қызметкерлеріне есірткіге қарсы профилактикалық лекция өткізді. Іс-шараның басты мақсаты - зиянды әдеттің алдын алу. Кездесу барысында есірткіге тәуелділік, оны тасымалдау жолдары және құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндіріліп, ашық пікірталас ұйымдастырылды.
Полиция өкілдерінің айтуынша, статистикаға сәйкес бүгінде есірткі тұтынушылардың басым бөлігі - жастар. Лекцияда синтетикалық есірткі түрлері, олардың адам денсаулығына тигізер физиологиялық әрі психологиялық қауіптері жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, есірткіні қолданған азаматтарға қолданылатын заң аясындағы шаралар, оны интернет-дүкендер арқылы тарату жолдары мен түрлі сілтемелердің қауіптілігі айтылды. Қазіргі таңда Полиция департаменті тарапынан есірткінің заңсыз айналымына қатысты шамамен 270 қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, 750-ге жуық түрлі есірткі заты, оның ішінде 6 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленген.
СНХ: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ