Ақан сері атындағы облыстық филармонияда жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы жарияланды. Іс-шараға жергілікті оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және еңбек ұжымдары шақырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, азаматтарды өңір басшысының атынан құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.

Биыл Еңбек адамдарына ерекше көңіл бөлініп,айрықша құрмет көрсетілді. Бұл бастама олардың қоғамдағы мәртебесін көтеру, еңбегін бағалау және жас ұрпақты жұмысшы мамандықтарына тарту мақсатында қолға алынды.

СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Солтүстікқазақстандық студенттер жыл сайын өтетін «WORLDSKILLS» чемпионатына қатысады. Биыл өңір жастары 33 медаль мен 32 медальон жеңіп алды. Аталмыш сайыс елімізде 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы орайда, жарысқа студенттерін дайындап, жүлделі 2 орынға ие болғаны үшін Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педогогикалық колледжінің оқытушысы Серік Шақабаев облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

СНХ: СЕРІК ШАҚАБАЕВ, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚТАН КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Айта кетейік, бүгінде өңірде 24 колледж жұмыс істейді. Барлығы 68 түрлі мамандық бойынша 11 мыңнан астам студент білім алады.