Петропавл қаласындағы Креатив орталығында Борис Васильевтің «А зори здесь тихие» повесі желісімен қойылған спектакль көрсетілді. Қойылым Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналды. 

Қойылым ерлік, батырлық және соғыс жылдарының ауыр сынақтарына тап болған буынның трагедиялық тағдыры тақырыбын арқау етеді. Оқушылар алдында Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейдің «Глагол» театры өнер көрсетті. Қойылым актерлерінің айтуынша, басты мақсат – бейбіт өмірдің қандай қиындықпен келгенін көрсету және соғыс сөзінің астарында сан қилы тағдырлар тұрғанын еске салу.

СНХ: ДИАНА ГАЙСИНА, БІРІНШІ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН IT-ЛИЦЕЙДІҢ ОҚУШЫСЫ

Спектакль төртінші рет көрсетіліп отыр. Көркемдік жетекші қойылым көрермен тарапынан әрдайым жылы қабылданып, жас ұрпақ үшін өзектілігін жоғалтпай келе жатқанын атап өтті.

СНХ: НАТАЛЬЯ КОНОНОВА, БІРІНШІ ҚАЛАЛЫҚ IT-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әлия небәрі 18 жыл ғана ғұмыр кешкенімен, осы қысқа өмірінде қазақ халқының жауынгерлік ерлігінің символына айналды. Әлияның есімі халық жадында мәңгі сақталды. Оның құрметіне мектептер, елді мекендер мен көшелер аталған, сондай-ақ түрлі жанрда қойылымдар да қойылған.