Есіл ауданына қарасты Явленка ауылында екі жаңа кәсіпкерлік нысан өз жұмысын бастады. Аудан орталығында шағын және орта бизнестің дамуы жыл сайын қарқын алып, жергілікті экономиканың нығаюына серпін беріп отыр. Бүгінде аудан аумағында 894 шағын және орта бизнес субъектісі тұрақты түрде жұмыс істейді. Олардың 510-ы жеке кәсіпкер.
Аудан үшін маңызды оқиғалардың бірі - кондитерлік өнімдер өндіретін цехтың іске қосылуы. Бұл - Есіл ауданында ашылған алғашқы осындай нысан. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталып, жоба толықтай жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Бүгінде цехта 9 адам жұмыс істейді. Тәуліктік қуаттылығы 300 келіге дейін жететін кәсіпорын 83 түрлі өнім өндіреді. Цехтің ашылуына аудан әкімі Мереке Мұхамедияров та қатысып, отбасылық кәсіптің одан әрі өркендей беруін тіледі.
СНХ: НАТАЛЬЯ КОПТЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Сондай-ақ, аудан орталығында киім және аяқ киім дүкені өз жұмысын бастады. Нысанның жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрайды. Құны 150 миллион теңге болатын жоба нәтижесінде 6 жаңа жұмыс орны ашылды.
СНХ: НҰРМАШ РАМАЗАНОВ, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жыл басынан бері ауданда сауда, қоғамдық тамақтану және сұлулық қызметтері саласында 8 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылған. Нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.