Петропавлдағы Оқушылар сарайында «AQ JOL» этно-көрсетілімі өтті. Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Жоба ұлттық сәнді жаңғыртуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға, балалар мен жастардың мәдени танымын арттыруға бағытталған.


Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавлда ұлттық дәстүрлерді, шығармашылықты және заманауи ұлттық болмысты біріктіретін бірегей мәдени шара – Ұлттық киімдер көрсетілімі өтті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып жатқан көрсетілімге Қазақстан және Петропавл дизайнерлері, сондай-ақ қала тұрғындарынан құралған жас және ересек модельдер қатысты.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҚАПАРОВА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ


Көрсетілімге қатысушылар үшін арнайы дайындық жұмыстары жүргізілді. Олар бірнеше күн бойы шеберлік сабақтарына қатысып, сахнада өзін ұстау, подиумда жүру, образды дұрыс жеткізу тәсілдерін меңгерді. Ұйымдастырушылар тарапынан ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілері ұсынылып, әр қатысушы өзіне лайық образды таңдауға мүмкіндік алды.

СНХ: АДЕЛЯ ЫБРАЕВА – ҚАТЫСУШЫ


СНХР: ШОЛПАН ТІЛЕУБЕРГЕНОВА – ҚАТЫСУШЫ


Бағдарламада өткен мен бүгінді ұштастыратын жарқын да мазмұнды көріністер ұсынылды. Іс-шарада қазақстандық және солтүстікқазақстандық дизайнерлердің балалар мен ересектер этно-коллекциялары, этно-фьюжн стиліндегі заманауи топтамалар көрсетіліп, түрлі шығармашылық ұжымдардың өнері, қазақ билері мен музыкалық нөмірлер қойылды.

СНХ: АЙЖАН ЖӘУЛЕТБАЕВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Сонымен қатар қолөнершілер жәрмеңкесі қанат жайды. Мұнда қазақи нақыштағы әшекей-бұйымдар, ойыншықтар мен басқа да кәдесыйларды сатып алуға мүмкіндік туды.