Мереке күндері полиция күшейтілген режимде қызмет атқарды. 16 желтоқсан күні мерекелік таңды Солтүстік Қазақстан облысы полициясының кешенді күштері гарнизондық сап түзеуден бастады.

«Динамо» стадионының плацында жиналған патрульдік полиция батальондары, учаскелік инспекторлар, арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлері, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, барлығы да Тәуелсіздік күні өңір тұрғындары мен қонақтары үшін тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін қызметке кірісті. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Айдын Қабдұлдинов жеке құрамға нұсқау берді. Негізгі талап — қызметті мінсіз атқару, азаматтармен сыпайы әрі әдепті қарым-қатынас жасау. Сондай-ақ қағидатты ұстаным ретінде құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік пен қоғамда «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын нығайту атап өтілді. Күшейтілген қызмет тәртібі Тәуелсіздік күнімен ғана шектелмей, Жаңа жыл мерекелері кезінде де жалғасады.

СНХ: АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ — СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ