Облыс орталығында «Шырша» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара басталды. Науқан орман қорын қорғауға және қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алуға бағытталған. Осыған орай бүгін полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді. Мамандар жаңа жылдық шыршаларды сатумен айналысатын сауда орындарын тексеріп, заң талаптарының сақталуын қадағалауда.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша саудасы жүргізілетін орындар қатаң бақылауға алынады. Кәсіпкерлердің қолында міндетті түрде тауарға қатысты құжаттар болуы тиіс. Атап айтқанда, қылқан жапырақты ағаштың қай жерден жеткізілгенін растайтын және сауда нысанының сауда жүргізуге берген рұқсатын дәлелдейтін құжат талап етіледі.
СНХ: МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Тексеру жұмыстары «Сокол» сауда үйіне іргелес аумақтан басталды. Бұл жерде ешқандай құқықбұзушылық фактілері анықталған жоқ.
СНХР: ДМИТРИЙ ШТРЕБЕЛЬ, КӘСІПКЕР
Қоса кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-бабына сәйкес, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін жыл басынан бері 1278 әкімшілік хаттама толтырылды.